Жаңалықтар
Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады
- author «Ақ жол»
- 28 тамыз, 2018
- 654
Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады
Кездесу барысында Қазақстан Президентіне ұлттық компанияның бірінші жартыжылдықтағы қызметінің негізгі қорытындылары мен алдағы перспективаларына арналған жоспарлары жөнінде баяндалды.
Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазМұнайГаз» акционерлік қоғамы мұнай-газ жобаларының барлығына қатысатын Қазақстандағы ірі өндіріс холдингтердің бірі екенін атап өтіп, энергетика секторын одан әрі дамыту үшін компанияның әлеуетін пайдалану қажеттігін айтты.
– Бүгінде «ҚазМұнайГаз» белгілі бір даму деңгейіне жетті және құрылымды оңтайландыру, технологиялық үдерістерді цифрландыру, IPO-ға шығуға әзірлік барысын қамтитын трансформация кезеңін бастан өткеруде, – деді Қазақстан Президенті.
Сауат Мыңбаев Мемлекет басшысына энергия ресурстарына деген әлемдік бағаның компания табысына әсер етуі тұрғысынан мұнай нарығындағы ахуалы жөнінде баяндады.
Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді. akorda.kz
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




