Индонезиядағы ең бай адам Азиада қоласына ие болды
Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында 78 жастағы индонезиялық бизнесмен Майкл Вамбанг Хартоно бридж ойынынан (карта ойыны) командалық жарыста қола медальға ие болды.
Бридж ойыны биылдан бастап Азия ойындарының бағдарламасына енген. Оңтүстік-Шығыс Азия бридж федерациясының президенті саналатын Хартоно - бридж ойынының Азия ойындарының бағдарламасына ұсынғандардың бірі. Халықаралық олимпиада комитеті бірнеше жыл бұрын Әлемдік бридж федерациясын спорт ұйымы деп таныған. Майкл Вамбанг Хартоно ағасы Роберт Вуди Хартономен бірге Индонезиядағы ең ірі темекі шығаратын компанияның және BCA банкінің иесі. Forbes журналының дерегі бойынша, ағайынды Хартонолардың байлығы - 32,3 миллиард доллар. Олар әлемдегі ең бай адамдар рейтингінде 75-орында (Индонезия бойынша бірінші орында) тұр.
Индонезия бұл Азия ойындарында 23 алтын, 17 күміс, 28 қола медальмен жалпы есепте Қытай, Жапония, Оңтүстік Кореядан кейін төртінші орында келеді. Азиада 2 қыркүйекте аяқталады.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді