Жаңалықтар
Қожамжаров пен Франкфурт прокуроры ынтымақтастық мәселелерін талқылады
- author «Ақ жол»
- 28 тамыз, 2018
- 520
Қожамжаров пен Франкфурт прокуроры ынтымақтастық мәселелерін талқылады
ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров Франкфурт қаласының бас прокуроры Альберт Шрайбермен ынтымақтастық мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Қайрат Қожамжаров ҚР Президентінің қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғау, тараптардың бәсекелестік деңгейін арттыру және әсіре қатаңдықты төмендету бойынша жүргізіп отырған саясаты туралы айтты.
"Мемлекет басшысы өткен жылдың желтоқсан айында құқық қорғау қызметін жаңғырту туралы заңға қол қойды. Осы заң Германияның тәжірибесі бойынша ұстау мерзімін 48 сағатқа дейін кемітіп, адам құқықтарын шектейтін санкциялардың бәрін сотқа берді және бұйрықтық іс жүргізуді енгізді", - деді Қайрат Қожамжаров.
Сондай-ақ, Гессен жер сотының президенті Вильгельм Вольф пен Франкфурт қаласының бас прокуроры Альберт Шрайбер Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің тәжірибесі бойынша қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру жөніндегі белсенді ұстанымы жайлы сөз қозғады.
"Қазақстанның Бас прокуроры ведомстволар арасындағы қалыптасып отырған қарым-қатынастар нығая түсетініне және екі мемлекеттің аумағында да заңдылық пен құқық тәртібін одан әрі қамтамасыз ету мақсатында дамитынына сенім білдірді", - деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінің өкілдері.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




