Жаңалықтар
Қазақстан бюджеті долларына 350 теңгеге тең жағдайда есептелді
- author «Ақ жол»
- 28 тамыз, 2018
- 625
Қазақстан бюджеті долларына 350 теңгеге тең жағдайда есептелді
Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2019 жылға арналған бюджетті қарастыру барысында ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 350 теңгеге тең жағдайда есептелгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айта кету керек, алдағы үш жылда мұнай қоспасының құны барреліне 60 доллар болады деп айтылған болатын.
"Сіздер білетін шығарсыздар, біздің индикатор құбылмалы. Дегенмен бізде барлығын қайта қарастырып шығу мүмкіндігі бар. Валюта бағамы жайлы айтатын болсақ, бағам еркін айналымда. Ал бюджетті жоспарлау барысында біз келесі жылы ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 350 теңге болады деп есептеп отырмыз", -деді министр.
Айта кетейік, 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет жоспарлауға қатысты үкімет отырысы жабық тәртіпте өтті. Бірақ кейінірек министр бюджетте айтарлықтай өзгерістер қарастырылмағанын айтты.
KASE биржасының соңғы мәліметтеріне қарағанда, теңгенің долларға қатысты бағамы 361,22 теңгеге тең болды.
tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




