Өз бетімен ақша тауып жүргендерді емxаналар арқылы тіркейді
- author «Ақ жол»
- 28 тамыз, 2018
- 292
Министрдің айтуынша, қазіргі кезде "Күнделік" атты жаңа ақпараттық жүйе әзірленіп жатыр. Ол арқылы кез келген адам өзінің әлеуметтік мәртебесін нақтылай алады. "Мәселен, "Күнделікке" кіргенде "Өзіңнің әлеуметтік мәртебеңді тексер" деген бөлім болады. Жеке сәйкестендіру нөмірін енгізгенде статустың бар-жоғы көрсетіледі. Сосын арнайы сілтеме бойынша ары қарай өтіп, egov.kz сайтына түсуге болады. Сол жерде әрбір адам жұмыссыз, я болмаса, жұмысы бар азамат ретінде тіркеле алады", - деп атап көрсетті М.Әбілқасымова.
Айта кетейік, Үкіметтің бүгінгі отырысында министр Әбілқасымова бейресми жұмыспен қамтылған азаматтарды заңдастыру жолдары туралы айтып берді. Оның айтуынша, Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтып жүргендердің нақты санаттары енгізілді.
"Жылдың басында 2,7 миллион адамның нақты әлеуметтік мәртебесі болмаған. Бүгінде 1 миллион 385 мың адамның мәртебесі нақтыланды. Олардың ішінде 548 мың жұмыскер еңбек шартын жасап, міндетті зейнетақы жарналары түсе бастады. 13 мың кәсіпкер өз қызметін ресми түрде тіркеді. 22 мыңнан астам адам азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтіндер, үй жұмыскері және шетелдік кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер ретінде анықталды. 17 мыңнан астам адам жұмыссыз ретінде тіркелді. 84 мың адам әлеуметтік төлемдерді, ал 19 мың адам атаулы әлеуметтік көмекті алушы ретінде тіркелді. 29 мың әйел жүктілікке байланысты есепке қойылды. 8,7 мың адам үш жасқа дейінгі баласына күтім жасап отыр", - деді М.Әбілқасымова Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Бұдан бөлек, 642,5 мың адам үй шаруасындағы әйелдер, студенттер, тыс жерлерге кеткен адамдар 18 жастан асқан мектеп оқушылары ретінде және басқа санаттар бойынша нақтыланды. Сондай-ақ дерекқорларда қайталанатын жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН), мерзімі өтіп кеткен құжаттар анықталып жаңартылды.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді