Жеке куәлігін бөгде адамға ұстатқандар банк борышкеріне айналғанын білмей қалған - СҚО
- author «Ақ жол»
- 28 тамыз, 2018
- 528
«Жедел-іздестіру шаралары барысында 23 жастағы Петропавл қаласында тұратын бойжеткен қолға түсті. Желілік маркетинг бойынша жұмыс жүргізетін шетел компаниясының өкілі ретінде өзін таныстырған ол «клиенттерінің» сеніміне кіріп, олардың жеке куәлігін «компаниямен ынтымақтасу бағдарламасына тіркеймін» деп алып отырған. Ал шынтуайтына келгенде интернет-банкинг арқылы ол жәбірленушілердің атынан несие алған», - делінген хабарламада.
Тергеушілер әккі бойжеткеннің 19 қылмыс фактісіне қатысы барын анықтап отыр. Алаяқ жәбірленушілердің жалпы 1 миллион теңгеге жуық ақшасын жымқырған. Қазіргі уақытта ол Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі бойынша (алаяқтық) жауапкершілікке тартылуда.
«Қандай жағдай болмасын жеке құжаттарыңызды бөгде адамға беруге асықпаңыз. Бөтен адамдардың атынан несие алу үшін алаяқтар бұрын күрделі комбинацияларды жүзеге асыратын. Ал қазір интернет-банкингтің мүмкіндіктері қылмыскерлерге адамдардың жеке мәліметтеріне қол жеткізу арқылы алаяқтыққа баруына жол ашады», - деп ескертеді СҚО ІІД қылмыстық полиция басқармасының бастығы Петр Климов.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




