Жаңалықтар
ҚР Үкіметі дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін тиімді ұлттық индикатор әзірледі
- author «Ақ жол»
- 28 тамыз, 2018
- 700
ҚР Үкіметі дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін тиімді ұлттық индикатор әзірледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан 2025 жылы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім деңгейін 46 мың долларға жеткізеді. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Ағымдағы жылдың басында Мемлекет басшысы елдің 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына қол қойды. 2025 жылға дейінгі негізгі мақсат - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне сәйкес келетін адамдардың өмір деңгейін көтеруге қол жеткізетін экономиканың сапалы және тұрақты дамуына қол жеткізу. Бұл үшін экономиканың орта есеппен жылына 4,5-5 пайыздан кем емес деңгейдегі өсімін қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл Қазақстанға 2025 жылы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім деңгейін 46 мың долларға дейін өсіруге мүмкіндік береді. Жоспарланған өсу қарқыны қойылған мақсаттарға қол жеткізудің қажетті шарты болып табылады», - деді министр.
Оның айтуынша, ЖІӨ өмір сапасын, азаматтардың нақты әл-ауқатын, деңгейін және қоршаған ортаға келтірілген зиянды толығымен көрсетпейді. Осыған байланысты 30 дамыған елдің қатарына кіру жолындағы прогресті өлшеу және қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін халықтың өмір сапасын және экономиканың даму сапасын көрсететін тиімді ұлттық индикаторлар көзделген.
«Тиімді ұлттық индикаторлар 14 салаға бөлінген және халықаралық рейтингтерді қоса алғанда 37 индикаторды қамтиды», - деді Тимур Сүлейменов.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




