Ауыл шаруашылығының әлеуеті арта түсті

Ауыл шаруашылығының әлеуеті арта түсті
ашық дереккөз
Ауыл шаруашылығының әлеуеті арта түсті
Биыл қаңтар-шілде айлары аралығында шаруашылықтың барлық санаттарында тірідей салмақпен 59,1 мың тонна мал және құс еті өндірілді немесе көрсеткіш өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 104 пайызды құрады. Сауылған сүт 5,2 мың тоннаға (3 пайызға) артып, 177,4 мың тоннаны құрады. Өткен жылмен салыстырғанда, өндірілген жұмыртқа 910,8 мың данаға (1,3 пайызға) артты. Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында сауын сиырларынан орта есеппен 1561 килограмм сүт сауылып, әр тауықтан алынған жұмыртқа 102 дананы құрады. 1 тамызда өткен жылмен салыстырғанда шаруашылықтың барлық санаттарындағы мүйізді ірі қара малы – 10,2 (37,9), қой мен ешкі – 3,4 (106,4), жылқы – 6,5 (8,1), құс 4,4 пайызға (58,3) көбейді, ал шошқа 60,6 пайызға (20,1 мыңға) азайды. Облыстың барлық санаттағы шаруашылықтарында 115,2 мың бұзау, 1119,5 мың қозы-лақ, 9,1 мың торай, 35,9 мың құлын алынды. Есепті кезеңде облысымыздың барлық санаттағы шаруашылықтарында 209 мүйізді ірі қара малы (өткен жылғы деңгейге шаққанда 111,2 пайыз), 2241 қой мен ешкі (47,7 пайыз), 35 жылқы (50,7 пайыз) өлім-жітімге ұшырады. Мал басы мен сүт өнімін өндірудің негізгі бөлігі жеке үй шаруашылықтарының үлесіне тиесілі. Олар облысымызда өндірілген барлық еттің – 60,8, сүттің – 76,5 және жұмыртқаның 54,5 пайызын құрайды. Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында облыста өндірілген ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің (көрсетілген қызметтерінің) жалпы көлемі ағымдағы бағалар бойынша 75276,3 миллион теңгені құрады.

Ұқсас жаңалықтар