Агроөнеркәсіп кешенін дамыту картасының арқасында әлеуетіміз артады
- author «Ақ жол»
- 28 тамыз, 2018
- 400

Қазіргі таңда агроөнеркəсіп саласын тұрақтандыру жəне дамыту барысында индустриалды-инновациялық дамуға ерекше мəн беріліп отыр. Осыған байланысты агроөнеркəсіп кешенін инновациялық дамыту жəне оның экономикалық тиімділігін арттыруда агроөнеркәсіп кешенін дамыту картасы ерекше маңызға ие. Өңір басшысы Асқар Мырзахметовтің тапсырмасымен ауыл шаруашылығына қолайлы аймағымызда аталған карта жасақталған болатын. Егін, мал шаруашылығы, азық-түлік және шикізатпен қамтамасыз ету сияқты 3 негізгі саланы қамтитын аталмыш картаның жүзеге асырудың барысы күні кеше Асқар Исабекұлының төрағалығымен өткен жиында талқыланды. Жиында белгілі болғандай, агроөнеркәсіп кешенін дамыту картасының нәтижесінде алдағы бірер жыл көлемінде ауыл шаруашылығына тартылатын инвестиция көлемі 139 миллиардқа артып, еңбек өнімділігі 2 есеге көбеймек. Бұдан бөлек, мал шаруашылығын қаржыландыру көлемі 70 785,2 миллион теңгеге дейін өсіп, 2952 жаңа жұмыс орындары құрылмақ. Ал егін шаруашылығында атқарылатын негізгі жұмыс ретінде 2022 жылға қарай егіс алқабы 797 мың гектарға ұлғайтылмақ.
Есен ӨТЕУЛИЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Құрылыс кері кетсе құрыдым дей бер...
- 29 шілде, 2025
Көгадырды төрт түлікке толтырған
- 29 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді