Алматы облысынан Шығанақ ауылына қоныс аударғаныма 26 жыл болды. Мен ауылдағы көптен көкейде жүрген мәселені қаузағым келіп отыр. Шығанақ ауылында Ұлы Отан соғысына қатысып, қаза тапқандардың тізімі жазылған мемуарлық тақта бар. Майдангерлер рухына деген құрметке ризамыз, бірақ соның көлеңкелі жағын айтпасқа болмас.
Осы ескерткіш тақта темір шынжырмен қоршалған. Тасқа 41 жауынгердің есімі қашалып жазылған. Жыл сайын 9 мамыр Жеңіс күнінде жақын туыстары сол мемуарлық тақтаға гүл шоқтарын қойып, еске алады. Амал не, бірер сағат өтпей жатып-ақ сол гүлдерді қараусыз жайылып жүрген сиырлар жеп кетеді. Осы мәселеден хабардар ауыл әкімі қоршауды дұрыстап жасаймын дегелі бері де талай уақыт өтті. Бірақ оның сол уәдесі әлі күнге дейін сөз күйінде қалып отыр. «Айтқанның аузы жаман» демекші, осы шындықты айтқаным үшін ауылда мені кінәлайтын адамдар да баршылық. Бірақ бұл істі қолға алуға ниетті азаматтар болмады деп те айта алмаймын. Ерлік ұмытылмайды. Майдангерлердің есімі жазылған ескерткішті аяқасты қылу елдігімізге сын. Сондықтан ауданның Құрметті азаматы Е.Оспанқұлов және ауыл әкімі мен ақсақалдар төрағасы үшеуі бірлесе отырып осы істің шешімін табады деген сенімдемін.
Ердахмет Достемесұлы, зейнеткер.
Мойынқұм ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді