«Нұр Отан» партиясының 22 жаңа бастамашыл жобасы аудандарда да іске асуда. Күні кеше партияның жобасы аясында аудандық орталықтандырылған кітапханада коворкинг орталығы ашылса, енді «Балаларға ақысыз IT сыныбы» ашылды. ІТ сыныптың ашылу салтанатына аудан әкімі Бақтияр Көпбосынов қатысып, партияның жаңа жобасы туралы айтып өтті.
Партияның аудандық филиалының қолдауымен, аудан әкімдігі білім бөлімінің ұсынысымен №15 мектеп-лицейде ашылған жаңа IT сынып түгелдей 10 компьютер, интерактивті тақтамен және робототехника жиынтықтары, проектор, 3Д принтер, 3 лего, сондай-ақ басқа да қажетті жиһаздармен қамтылған. Жоғары жылдамдықтағы интернет желісі қосылған. ІТ сынып ашылған №15 мектеп-лицейдің директоры Құрыш Сыдығалиевтің айтуынша, енді оқушылардың математика, физика, механика және технологияны тереңдетіп меңгеруіне жол ашылмақ. Жаңа технологиялармен жабдықталған орталықтағы бұл кабинетке EDU CRAFT лабораториясы деген атау берілуі де сондықтан. ІТ сыныпта балаларға сабақ беретін Айбек Әшекеев, Данияр Дәулетбаев, Нұрлыхан Мейірхан есімді мұғалімдер арнайы курстарға жіберіліп, біліктіліктерін жетілдіріп келіпті.
Гүлмира ДЕМБАЕВА, журналист.
Жуалы ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
«Сапалы білім – саналы ұрпақ кепілі» атты кездесу өтті
- 24 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді