Азиада-2018: 9 қазақстандық боксшы ширек финалға шықты
- author «Ақ жол»
- 28 тамыз, 2018
- 666
ДЖАКАРТА. ҚазАқпарат - 27 тамыз күні қазақстандық үш боксшы Азия ойындарының ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан Бокс федерациясына сілтеме жасап. Азиададағы Қазақстан құрамасының жалауын көтерген Әділхан Аманқұл (75 келі) төрешілердің бірігіп қабылдаған шешіміне сәйкес, жекпе-жектің үш кезеңінде де басымдық танытып, Таиландтың тағы бір өкілі, қарсыласы Афист Ханхокруеаны 5:0 есебімен тізе бүктірді.
Медаль үшін күресте тағы бір жеңіске жеткен қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов (49 келі) болды. Спортшы жапониялық Томоя Цубоиді 3:2 есебімен жеңіп шықты.
1/8 финалда Қазақстан құрамасының жекпе-жектерін Бекдәулет Ибрагимов түйіндеді. Боксшы қытайлық Гуан Ваннан 5:0 есебімен басым озды.
Осылайша, қазақстандық 10 спортшының ішінен 9-ы ширек финалға шықты (Римма Волосенко жеребенің арқасында ¼ финалға жетті).
28 тамыз күні жартылай финалға жолдама алу үшін үшін рингке Сәния Сұлтанқызы (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Азат Махметов (52 келі), Саматәлі Толтаев (60 келі) және Асланбек Шымбергенов (59 келі) шығатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




