Жаңалықтар
Сағынтаев Экономиканы жаңғырту жөніндегі комиссия отырысын өткізді
- author «Ақ жол»
- 27 тамыз, 2018
- 568
Сағынтаев Экономиканы жаңғырту жөніндегі комиссия отырысын өткізді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен ҚР экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды. Отырыс барысында 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендіру бағдарламасын іске асыру мәселелері, сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпкерлік субъектілерін дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, жұмыс топтарының квазимемлекеттік сектор объектілерін өткізу және сату алдындағы дайындық әдістері мен тәсілдері туралы ұсыныстары қаралды. Бұдан өзге, Мемлекеттік комиссия Президенттің Бес әлеуметтік бастамасы аясында іске асырылып жатқан «Сарыарқа» магистральді газ құбырының құрылысы» инвестициялық жобасын және «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылым нысандарының құрылысы жобасын одан әрі қаржыландыру жөніндегі тәсілдерді мақұлдады.
kazinform.kzҰқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




