Жаңалықтар
Гимнастшы қыздар Қазақстан құрамасының қоржынына жетінші алтынды салды
- author «Ақ жол»
- 27 тамыз, 2018
- 682
Гимнастшы қыздар Қазақстан құрамасының қоржынына жетінші алтынды салды
Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы Азиада-2018 жарысында командалық сайыста алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Команда сапында 16 жастағы Даяна Абдиребекова, Алина Әділханова және Адиля Тілекенова бар.
Финалда алты құрама сайысты. 159,850 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы жеңімпаз атанды. Өзбекстан (155,300) мен Оңтүстік Корея (151,100) құрамалары екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті.
Айта кетейік, көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы командалық сайыста Азиада ойындарында 2006 және 2010 жылдары жеңімпаз атанған еді. Катардың Доха қаласында өткен Ойындарда Әлия Юсупова, Айдана Қаулдашева мен Майя Зайнуллиналар жеңімпаз атанды, ал төрт жыл өткен соң корялық Инхон қаласында өткен жарыста Анна Алябьева, Мизана Исмаилова, Мадина Мұқанова және Марина Петраковалар алтын медальды алды.
Индонезияда өтіп жатқан Азиада-2018 жарысында Қазақстан құрамасы жеті алтын, сегіз күміс пен 28 қола медаль алып, жалпы есепте оныншы орында тұр.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




