Қазақстан - көркем гимнастикадан Азиада чемпионы
Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасы (Алина Әділханова, Адиля Тілекенова, Даяна Әбдірбекова) көркем гимнастикадан командалық жарыста чемпион атанды. Күмісті Өзбекстан, қоланы Оңтүстік Корея алды.
Қазір Қазақстан 7 алтын, 8 күміс, 28 қоламен жалпы есепте 11-орыннан 10-орынға көтерілді.
Бұған дейін семсерлесуден Дмитрий Алексанин алтын алса, велоспорттан Алексей Луценко Джакартадағы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанған. 25 тамызда джиу-джитсудан Дархан Нортаев пен Руслан Исраилова Азия ойындарында жеңімпаз болған. 27 тамызда каратэден Гузалия Гафурова алтын жүлдеге ие болған. azattyq.org
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




