АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков Германия Федеративтік Республикасының делегациясымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Осы ретте Әділбек Жақсыбеков еліміздің мемлекеттік органдарының бірінші басшылары бірқатар шет мемлекетке барып, олардың қылмыстық процесс моделін, сот өндірісін зерделеп қайтқандығын атап өтті. Мәселен, осы жылдың маусым айында қазақстандық делегация Германияда болып, құқық қорғау органдары мен соттардың жұмыстарын ұйымдастыру барысымен егжей-тегжейлі танысып қайтқан.
«Ендігі уақытта біздің шақыруымызбен германиялық мамандар Қазақстанға келіп, өздерінің оң тәжірибелерімен бөлісуге дайын. Шетелдік әріптестеріміздің және олардың үлкен тәжірибесінің арқасында біз үшін маңызды барлық сұрақтарға жауап аламыз деп ойлаймын», - деді Әділбек Жақсыбеков. 
Өз кезегінде Майндағы Франкфурт қаласының бас прокуроры Альбрехт Шрайбер Германияда прокуратура қылмыстық қудалау органы болып саналатынын атап өтті.
«Германияда қылмыстық іс жүргізу заңнамасының тарихы 140 жылдан асып жығылады. Бұл қылмыстық іс жүргізудің ұзақмерзімді қалыптасуы саналады. Барлық жердегідей, әрбір заң сәйкесінше қоғамдық өзгерістерге бейімделуі тиіс. Біздің қылмыстық іс жүргізу кодексіміз де ұзақ жылдар бойы көптеген өзгерістерге ұшырады», - деді Альбрехт Шрайбер. 
Кездесу барысында қылмыстық процесті ұйымдастырудың прогрессивті халықаралық стандарттары, сонымен қатар Қазақстанның құқық қорғау жүйесін жаңғырту жөніндегі тәсілдер талқыланды. Тараптар сотқа дейінгі тергеу, прокуратура органдары мен соттың қызмет жасау мәселелерінде тәжірибе алмасты.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




