Ерлан Сағадиев: Мен оқушылардың барлық бағаларын көріп отырамын
- author «Ақ жол»
- 27 тамыз, 2018
- 229
«Өткен жылы біз оқушыларға қойылған 450 миллион бағаны онлайн режимде тіркедік. Демек, министрлік әрбір бағаны көріп отыр. Оны ешкім өзгерте алмайды. Бұдан бөлек, 8,5 миллиондай үй жұмысы берілді. Сонда мен өзім әрбір үй жұмысын кабинетімде отырып көре аламын», - деді Е.Сағадиев «Астана-адалдық алаңы» жобасы аясында өткен жиында.
Оның сөзіне қарағанда, осы саладағы жұмыс жалғаса береді. Алдағы екі жылда буxгалтерия, күнделік жалпы барлық жүйелерді автоматты режимге ауыстыру жоспары бар.
«Біз оның бәрін үлкен мәліметтер базасына шығарып қоямыз. Оған ешкім өзгеріс енгізе алмайды. Бәрі көрініп тұрады. Сонда білім саласындағы шаралар барынша ашық жүргізіледі», - деп атап көрсетті Е.Сағадиев.
Айта кетейік, бүгінгі жиында Астана әкімі Әсет Исекешев бюджеттік сала қызметкерлеріне 1 миллион теңге көлеміндегі тұрғын үй куәліктерінің берілетінін мәлімдеді. «Қазіргі кезде біз қала қызметкерлеріне арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасын әзірлеп жатырмыз. Оны Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы іске асыратын ойымыз бар. Тұрғын үй куәліктері арқылы біз мұғалімдер, дәрігерлер және тағы басқа мамандардың баспана мәселесін шешуді көздейміз», - деп атап көрсетті Ә.Исекешев.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді