Жаңалықтар
Қазақстан туын көтеріп шыққан Әбілхан Аманқұл алғашқы айқасын жеңіспен бастады
- author «Ақ жол»
- 27 тамыз, 2018
- 672
Қазақстан туын көтеріп шыққан Әбілхан Аманқұл алғашқы айқасын жеңіспен бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында бүгін қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл алғашқы айқасын жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бокстан 75 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Әбілхан Аманқұл Азия ойындарындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.
1/16 айналымда Әбілхан таиландтық Апхисит Кананхокхкруеамен кездесіп, 5:0 есебімен басым түсті. Еске сала кетейік, Әбілхан Аманқұл Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан байрағын көтеріп шыққан болатын. Ол - 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
Айта кетейік, осыған дейін шаршы алаңға шыққан бокстан әлем чемпионы Қайрат Ералиев алғашқы айқасын өткізіп, қарсыласына есе жіберген болатын.Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




