Жаңалықтар
"Жанкүйерлерді сыйламайтын өтірікші" - Головкин "Канело" жайлы
- author «Ақ жол»
- 27 тамыз, 2018
- 308
"Жанкүйерлерді сыйламайтын өтірікші" - Головкин "Канело" жайлы
Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Лос-Анджелесте өткен ашық жаттығу барысында қарсыласы Сауль "Канело" Альварес туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Айта кетейік, боксшылар арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.
"Альварес- чемпион емес. Ол боксты да, фанаттарды да сыйламайды. Мен әлем чемпионы болып қалып, үйіме өз белбеулеріммен оралғым келеді. Кезекті тағы бір Big Drama Show-ға дайынмын. Жаттығу кезінде "Канело" жайлы ойламаймын. Мен өз жұмысымды жасап, 15 қыркүйекте "Канелоға" қарсы жекпе-жекте шаршы алаңда көрсететін боламын.
Біздің бірінші кездесуімізде мен оның соққыларын сезіне алмадым. Ол жай ғана шапалақ секілді тиді. Ол мықты панчер емес, одан да мықтыларымен жұдырықтасқанмын. Алайда ол шапшаң қозғалады. Ол менің ең тәжірибелі қарсыласым шығар", - деді Головкин.
Сондай-ақ, қазақстандық боксшы мексикалық боксшымен қайтадан жекпе-жекке қуанышты екенін айтады.
"Бұл жолы Альварес жекпе-жекке жұдырықтасуға шықса дұрыс болар еді. Бірінші жекпе-жек алдында да ол солай айтқан еді. Екінші кездесуде мен ашушаң боламын. Абель екеуіміз лагердегі жаттығу барысында жаңа дүниелерді қарастырып жатырмыз. "Канело" допингпен ұсталғанда, көңілім түсті ме? Иә. Бірақ оның командасы менің көңілімді қалдырды. Олардың ақталуы, "Канелоның" реакциясынан оның боксты және жанкүйерлерді құрметтемейтінін аңғардым. Олар өздерін қандай екендерін көрсетті", - деді Геннадий Головкин.
Қазақстандық боксшы Альвареске мамырдағы жекпе-жектің өтпей қалғаны үшін еш ызалы еместігін, алайда оны құрметтеуден қалғанын айтады.
"Канело" - бокстағы ең танымал есім емес, ол небәрі үлкен даудың бөлігі. Мамырдағы жекпе-жектің өтпей қалуы өмірлік тәжірибе болды. Жаңа төрешілер мен рефери бокс пен фанаттардың жағында болады дегенге сенемін", - деді спортшы. "Головкин - екіжүзді". Альварес GGG өзін жарнамалай беретінін айтады
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді