Жаңалықтар
Қазақстандық каратеші қыз Азия ойындарының алтынын жеңіп алды
- author «Ақ жол»
- 27 тамыз, 2018
- 585
Қазақстандық каратеші қыз Азия ойындарының алтынын жеңіп алды
Қазақстандық каратеші Гузалия Гафурова XVIII жазғы Азия ойындарының жеңімпазы атанып, Қазақстан құрамасының қоржынына алтыншы алтын медальды салды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
68 кг салмақта бақ сынайтын Гузалия алғашқы кездесуінде Өзбекстаннан келген Ділдор Аннадурдиеваны 3:0 есебімен жеңді. Одан кейін ирандық қарсыласы Пегах Зангенехкаркутиден басым түсті.
Жартылай финалда Вьетнам елінен келген спортшы Тхи Нгуенді 8:5 есебімен жеңіп, финалға шықты. Алтын медаль үшін өткен айқаста отандасымыз қытайлық қарсыласы Танг Линглингті тізе бүктірді.
Гузалия Гафурова Азия ойындарында екінші рет топ жарып отыр. Отандасымыз 2014 жылы Инчхондағы жарыста да жеңіс тұғырынан көрінген еді. Ол жолы да бүгін жеңген қытай спортшысынан айласын асырған болатын.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 6 алтын 8 күміс 28 қола медальмен жалпы есепте 11-орында келеді. tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




