Азиада-2018: Каратеші Гузалия Ғафурова финалға шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында каратеші Гузалия Ғафурова Азияның алтынына таласады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Жакартадағы жазғы Азия ойындарында каратешілер сайысы жалғасуда.
68 келіде сынға түскен Гузалия Ғафурова Азиаданың финалына өтті.
Гузалия бірінші айналымда өзбекстандық қарсыласын 3:0 есебімен жеңді. Екінші айналымда қазақстандық спортшы Иран өкілінен басым түсті.
Ал жартылай финалда вьетнамдық шебермен кездескен Ғафурова 8:5 есебімен жеңіске жетті.
Финалда Гузалия Ғафурова қытайлық спортшымен Азиада алтынына таласады. Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




