Жаңалықтар
Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері әзербайжан тіліне аударылды
- author «Ақ жол»
- 27 тамыз, 2018
- 641
Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері әзербайжан тіліне аударылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері әзербайжан тіліне аударылды, деп хабарлайды Хабар24.kz. Агенттік таратқан мәліметтерге қарағанда, бұл ақынның 125 жылдығына орай қолға алынған бастама. Аудармашы профессор Рамиз Әскердің айтуынша, Мағжан туындыларының мағынасы терең әрі ұлттық ерекшелігі зор, сондай-ақ өзге ақындардан стилі бөлек болғандықтан, басқа тілге аудару қиынға соғыпты. Жинақты басып шығаруға ТҮРІКСОЙ ұйымы атсалысқан. Әзербайжан мәдениет министрлігі қазан айында Бакуде Мағжанның 125 жылдығына арналған шара ұйымдастырмақ.
«Мағжан поэзиясының орны бөлек. Шығыс ақындарына да, еуропалықтарға да ұқсас емес. Оны футурист, имажинист деп атап жүрген. Бір жағынан дұрыс деуге болады, бірақ осымен толық келісе алмаймын. Себебі Мағжанның айрықша стилі болған. Шығарған кітабымда, сол парағында қазақша, ал оң жағында әзербайжан тілінде жазылған. Өйткені оның шығармашылығы бойынша университетте сабақ беріп жүрміз, студенттеріміз қазақша нұсқасын да көрсін»,-деді аударма авторы, профессор Рамиз Аскер. Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




