АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан барысы» және «Әлем барысы» атанған қазақ балуаны Айбек Нұғымаров Астанада Қазақ күресінен өткен Азия чемпионатында абсолютті салмақта чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Чемпионаттың қола жүлдесін Жапония балуаны Танимото Сузукиді жеңген тәжікстандық Дадохан Курбаналиев еншіледі.
Бұдан бұрын Серік Бердімұрат аталған чемпионатта +100 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атанған болатын.
Айта кетсек, осыған дейін Азия чемпионатында 8 салмақ бойынша бірінші орын 4 қазақ және 3 моңғол, 1 түрікменстандық балуандарының еншісінде кетті.
Елордадағы «Дәулет» спорт кешенінде Қазақ күресінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Азия чемпионатында 11 елден 77 балуан 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсуде. Чемпионатта Қазақстан сортшыларымен бірге Моңғолия, Тәжікстан, Түрікменстан, Пәкістан, Өзбекстан, Шри-Ланка, Жапония, Иран, Қырғызстан, Үндістаннан келген спортшылар өзара бақ сынасты.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




