Қанат Бозымбаев: Қазақ күресін дамыту стратегиясы қабылданады

Қанат Бозымбаев: Қазақ күресін дамыту стратегиясы қабылданады
ашық дереккөз
Қанат Бозымбаев: Қазақ күресін дамыту стратегиясы қабылданады
Қанат Бозымбаев: Қазақ күресін дамыту стратегиясы қабылданады АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ күресі халықаралық қауымдастығы жақын айлардың ішінде Қазақ күресін дамыту стратегиясын қабылдамақ. Бұл туралы Қауымдастық президенті Қанат Бозымбаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінгі таңда Қазақ күресі - фанаттар мен тарих тағылымын жоғары қоятын патриоттардың қолдауымен алға басып келеді. Қазақ күресінен қаншама жылдан бері ірі сайыстар өткізіліп жатқанымен, нақты дамыту стратегиясы жоқ болатын. Федерацияның атқарушы комитетінің мүшелерімен бірге ертең стратегияның жоспарын талқылағалы отырмыз. Алдағы бірнеше айда Қазақ күресін дамыту стратегиясын қабылдаймыз. Бұл ретте әсіресе Корея мен Жапонияның тәжірибелеріне сүйенсек деп отырмыз. Біздің федерация бір жылдың ішінде 20 мүшені қабылдап үлгерді. Тағы үш-төрт мемлекетке кезек келгелі тұр. Біздің федерация геометриялық прогрессиямен өсер деген сенімдеміз», - деді Қанат Бозымбаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетсек, бұған дейін 26 тамызда Астанада «Дәулет» спорт кешенінде Қазақ күресінен Азия чемпионаты өтетінін хабарлаған болатынбыз. Чемпионатқа 11 мемлекеттен 77 спортшы қатыспақ.    

kazinform.kz

Ұқсас жаңалықтар