Жамбылдық оқушылар жеті жыл бойы еліміздің білім сайыстарында көш бастап келеді
- author «Ақ жол»
- 25 тамыз, 2018
- 570
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Тараздағы «Баласағұн» орталық концерт залында «Төртінші өнеркәсіп революциясы жағдайындағы адам капиталы» тақырыбында педагогтардың тамыз кеңесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Өткен оқу жылында жамбылдық оқушылар республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми сайыстарда 143 медаль жеңіп алды. Жалпы республикалық олимпиадалардың қорытындылары бойынша, Жамбыл облысы командасы жетінші жыл қатарынан бірінші орынды иеленіп, «Үздік олимпиада командасы» атанып келеді. Дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернаты оныншы жыл қатарынан «Үздік олимпиада мектебі» атанып отыр. Олимпиада және ғылым сайыстары жүлдегерлерінің 63 пайызы мамандандырылған мектептердің оқушылары екенін айта кеткен жөн. Бұл жетістіктерге оқытушылардың ерен еңбегі мен ата-аналардың қадағалауы арқылы қол жетті. Биыл облыстағы 508 педагог республикалық конкурстардың жеңімпазы болды», - деді өңір басшысы.
Жамбыл облысының әкімі «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернатының тәжірибесін басқа мектептерде де енгізуді ұсынды.
Облыстық білім басқармасының мәліметтеріне қарағанда, жаңа оқу жылында он аудан орталығының барлығында және Тараз қаласында табиғи-математикалық пәндерді тереңдете оқытатын 11 мектеп-лицей ашылады. Бұдан тыс, дарынды балаларға арналған мектептердің желісі ұлғайтылады.
Жаңа оқу жылында облыс орталығында Ақпараттық технологиялар лицей-интернаты ашылады. Онда балалар математика мен физиканы тереңдей оқиды. Жыл соңына дейін 12 ІТ-сынып ашылып, оқушыларға 3D-модельдеу, бағдарламалау, робот техникасының қыр-сыры үйретіледі.
kazinform.kzҰқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




