Мемлекет тік сатып алу әділ өте ме?

Мемлекет тік  сатып алу әділ өте ме?
ашық дереккөз
Мемлекет тік сатып алу әділ өте ме?
Бұл мәселе мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен облыстық кәсіпорындардың сатып алуларындағы жергілікті құрам мониторингі жөніндегі комиссияның жуырдағы кезекті отырысында кеңінен қаралып, талқыланды. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Т. Жанке ашып, жүргізіп отырды. Айта кету керек, комиссияның тендер өтер алдында және өткеннен кейінгі мемлекеттік сатып алуларды бақылау, сондай-ақ құрылыстың бас мердігерлері мен отандық тауар өндірушілер арасындағы ұзақ мерзімді келісімшарттар қорытындысын қарау жұмыстарын жүргізетіні белгілі. Сондай-ақ комиссия отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын мониторингілейді, жергілікті құрамды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдар мен отандық тауар өндірушілердің қызметін үйлестіреді. Одан бөлек, сатып алулар саласындағы жұмыс комиссиясы мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті құрам үлесін арттыру бойынша ұсыныстар мен кеңестер дайындайды. Бұл жолғы жиынның күн тәртібіне мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті үлес көлемін ұлғайту, ал импорттық өнімдерді мейлінше азайту мәселесі өткір қойылды. Онда жергілікті атқарушы органның бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тарапынан мемлекеттік сатып алуларда нақты жасалынған келісімшарттар монитроингі бойынша ауқымды жұмыстар жүзеге асырылғаны атап өтілді. «Нақты сатып алулар бойынша жыл басынан бері жасалынған келісімшарттардың жалпы сомасы 2,6 миллиард теңгені құрайды. Өңірімізде қазақстандық мазмұнның жалпы үлесі – 87, 2, оның ішінде жергілікті мазмұнның үлесі – 64,9, ал импорттық өнімнің үлесі 9 пайыз болып қалыптасып отыр. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы жағдаймен салыстырғанда, қазақстандық мазмұнның үлесі 0,7, жергілікті мазмұнның үлесі 9 пайызға ұлғайғаны байқалуда», – деді облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының экономика мәселелері жөніндегі орынбасары Аспандияр Сейсенбаев өз есебінде. Оның айтуынша, мемлекеттік сатып алуларды мониторингілеу аясында импорттық өнімдер негізінен автобөлшектер, ұйымдастыру техникалары, шаруашылық және кеңсе тауарлары түрінде ұсынылғаны анықталған. Мәжілісте, сондай-ақ мемлекеттік сатып алулардағы жергілікті үлестің төмендеуіне кері әсерін тигізетін негізгі себептер көп жағдайда тасымалдаушылар тарапынан мемлекеттік сатып алулар бойынша порталда жергілікті қамту бойынша есептілік дұрыс толтырылмауынан және оны тапсырыс берушілердің өздері қабылдап алуынан туындайтыны да айтылды. Осы орайда тапсырыс берушілер жауапкершілік деңгейін арттыру мақсатында облыстық кәсіпкерлер палатасы тарапынан мемлекеттік сатып алулар келісімшарттарын орындау бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен тиісті ережелерге сәйкес техникалық оқытып, үйрету ісін ұйымдастыру ұсынылды. Облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке мемлекеттік сатып алулар кезінде импорттық өнімдерге бақылау жүргізудің маңызды екенін еске сала келе, тиісті құрылымдар басшыларына мұндай жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуді тапсырды. «Aq jol-Аqparat».

Ұқсас жаңалықтар