Жаңалықтар
Kazakh Tourism сапасы нашар қонақүйлерді жабуды ұсынды
- author «Ақ жол»
- 24 тамыз, 2018
- 597
Kazakh Tourism сапасы нашар қонақүйлерді жабуды ұсынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Kazakh Tourism» компаниясы және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы испандық сапа жүйесі тәрізді туризм нысандарына арналған стандарттарды әзірлеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев Бурабайдағы нысандарды мысалға келтірді.
«Бурабайда туристерге арналған нысан өте көп. Бірақ, сапалық тұрғыда олардың көпшілігі ең төменгі стандартқа да сай келмейді. Әйтсе де, олар қонақ қабылдап, ақша тауып отыр. Сондықтан, бизнесті ырықтандыруға қарамастан, минималды стандарттар түсінігін енгізу қажет. Бұл стандартқа сәйкес келмейтін нысандардың жұмыс істеуіне жол бермеу керек. Яғни, нысан сала бергенше, қолда бар нысандардың стандартын көтерген абзал. Осының өзі туристің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етеді», - деді Тимур Дүйсенғалиев Астанада Қазақстанның іскерлік туризміне арналған жиналыста.
Оның айтуынша, стандартта қонақ үй нөмірінің өлшемі, көрсетілетін қызмет түрлері нақты көрсетіледі.
«Егер қонақ үйде бір жұлдыз болса, нысан сол бір жұлдызға лайық болсын. Бұл екі жұлдызды қонақ үй, хостел, қонақ үй, кемпингтерге де қатысты. Сонда туристке бәрі түсінікті болады және күткен болжамы ақталады», - деді Т. Дүйсенғалиев.
Аталған стандарттар 2019 жылы Алматы қаласы мен Алматы облысында пилоттық режімде енгізіледі. Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




