2006 жылы Дохада (Катар), 2010 жылы Гуанжоуда (Қытай), 2014 жылы Инчхонда (Оңтүстік Корея) өткен Азия ойындарында спортшылардан алынған допинг сынамалары қайта тексеріледі. Бұл туралы Джакартада өткен баспасөз мәслихатында Азия олимпиада кеңесінің (Olympic Council of Asia) президенті Ахмад ал-Фахад ал Сабах мәлімдеді. “ДОПИНГ ЕРЕЖЕСІН КӨП БҰЗАТЫН ҚҰРЛЫҚТЫҢ БІРІ” “Осы үш Азия ойындарында ең көп допинг ережесін бұзған спорт түрлерін анықтағымыз келеді. Қай спорт түрлері екенін білген соң шара қолданамыз. Допинг ережесі көп бұзылған спорт түрлері Азия ойындарының бағдарламасынан алынады немесе сол спорт түрінен сарапқа салынатын медальдар санын азайтамыз” деді Азия олимпиада кеңесінің президенті.
Азия олимпиада кеңесінің мәлімдеуінше, 2017 жылы Ашхабадта өткен жабық алаңдағы Азия ойындарында кем дегенде он спортшының допинг сынамасынан рұқсат етілмеген препарат табылған.
“Азия - допинг ережесін көп бұзатын құрлықтың бірі. Шамамыз келгенше допингтен таза Азия ойындарын өткізуге тырысып келеміз. Анализдерді қарап шықсаңыз допинг қолданғандардың саны азайғанын байқайсыз. Бірақ біз таза спортқа қол жеткізбейінше жұмысымызды жалғастыра береміз” деді Ахмад ал-Фахад ал Сабах.
Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарына Қазақстан мен Қытай ауыр атлеттері қатыспайды. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Азиядағы бұл екі елді допинг ережесін көп бұзғаны үшін бір жылға бүкіл жарыстан шеттеткен. Жаза мерзімі қарашада аяқталады. Қазақстан мен Қытай қарашаның басында өтетін Ашхабадтағы әлем чемпионатына қатыса алады. Инфографика: Қазақстан және Азиада-2018 Жаңалықтар
Бұрынғы Азия ойындарының допинг анализдері қайта тексеріледі
- author «Ақ жол»
- 24 тамыз, 2018
- 222
Бұрынғы Азия ойындарының допинг анализдері қайта тексеріледі
Азия олимпиада кеңесі спортшылардан он шақты жыл бұрын алынған допинг сынамаларын қайта ашып, тексеретіндерін мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында ведомствоаралық «Бекет-2024» оқу-жаттығуы басталды
- 23 қыркүйек, 2024
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді