Аслан Сәрінжіпов IРhO қатысушыларын олимпиаданың сәтті аяқталуымен құттықтады

Аслан Сәрінжіпов IРhO қатысушыларын олимпиаданың сәтті аяқталуымен құттықтады
ашық дереккөз
Аслан Сәрінжіпов IРhO қатысушыларын олимпиаданың сәтті аяқталуымен құттықтады
Елордадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында Физика бойынша 45-ші Халықаралық олимпиаданың (IРhO) салтанатты жабылу рәсімі өтіп жатыр. Бұл шараға әлемнің 85 елінен келген делегаттар қатысуда. Қазақстан намысын қорғаған мектеп оқушылары 3 алтын мен 2 күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы бүгін елордадағы аталған білім бәйгесінің жеңімпаздарын марапаттау алдында тілшілерге берген сұхбатында IРhO-ны ұйымдастырушы комитет мен академиялық комитеттің мүшесі, физикадан Қазақстан ұлттық құрама командасының жаттықтырушысы Ернұр Рысмағамбетов мәлім етті. «Қазақстан ғылым мен техниканың дамуына ерекше назар аударады. Алдағы техникалық өрлеу тәрбиелі, жалынды жастарымыз арқылы мүмкін болатынын біз айқын ұғынамыз. Сіздер өздеріңіздің олимпиадалық жігерлеріңізді көрсетіп, барлық тапсырмаларды абыроймен орындадыңыздар. Біз талапты әрі білімді оқушыларымызбен мақтан тұтамыз. Сондықтан да сіздерді даярлаған оқытушыларға, жаттықтырушыларға және делегациялардың жетекшілеріне алғысымды жеткізгім келеді. Балаларды тәрбиелеп, оқыту - ұлы миссия», - деді ҚР Білім және ғылым министрі олимпиада жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде. Сонымен қатар министр Астанадағы IРho барша әлемнен жиналған қатысушылардың мәңгі есінде қалатынына үміт артты. «Астана олимпиаданың эстафетасын Нью-Делиге тапсырады. Осы орайда бұл білім бәйгесінің сәтті аяқталуымен баршаларыңызды құттықтаймын. Әлемдік қоғамдастық талапты оқушылар өздерінің білімдерімен біздің әлемді жақсарта түсетініне сенеді. Сіздер бұдан кейінгі уақытта да өз елдеріңізді халықаралық аренада лайықты деңгейде көрсете аласыздар деген сенімдемін. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін, сондай-ақ Астанадағы физика бойынша 45-ші Халықаралық олимпиада әрқашанда да естеріңізде болады деп үміттенемін», - деп түйді ҚР БҒМ басшысы. IРhO-да Қазақстан 3 алтын мен 2 күміс жүлдені иеленіп, мықты елдердің ондығына енді. Командалық есепте Қазақстан 8-орында тұғырланды. 2 1 3 4 5 6 7 8 9 10  src=

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz

Ұқсас жаңалықтар