Жаңалықтар
Азиада-2018: Қазақстан қоржынына 3-ші алтын медаль түсті
- author «Ақ жол»
- 24 тамыз, 2018
- 682
Азиада-2018: Қазақстан қоржынына 3-ші алтын медаль түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 3-ші алтын медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК-ті мәлім еткендей бүгін Азия ойындарында велоспорттан жекелей сын аяқталып, қазақстандық Алексей Луценко жеңімпаз атанып, екінші алтын медалін жеңіп алды. Топтасып жарысудан мәреге бірінші келген Луценко жекелей сында да өз мықтылығын дәлелдеді. Ол 40 шақырымды 55.37.13 уақыт көрсеткішінде жүріп өтті.
Күміс жүлде иеленген өзбекстандық Мураджон Халмуратов біздің спортшыдан 1.33.39 секундқа, ал қола жүлдегер атанған жапониялық Фумиюки Беппу 1.42.07 секундқа қалып қойды.
Осылайша, Алексей Луценко Азия ойындарында екі мәрте топ жарып, Қазақстан қоржынына үшінші алтын жүлдені салды.
Айта кетейік, дәл қазіргі жалпы есептік көрсеткіште Қазақстан құрамасы 2 алтын, 7 күміс, 19 қола (28) медальмен 12-ші орында келе жатыр. Азия ойындары 2-ші қыркүйек күні өз мәресіне жетеді.
kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




