Жаңалықтар
Мәскеу орталығында полицейлерге шабуыл жасалған сәт видеоға түсіп қалған
- author «Ақ жол»
- 24 тамыз, 2018
- 646
Мәскеу орталығында полицейлерге шабуыл жасалған сәт видеоға түсіп қалған
Мәскеу орталығында полицейлерге шабуыл жасаған ер адамның кім екені анықталды, ол Кабардино-Балкария тумасы 31 жастағы ер адам болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. Көшедегі бейнебақылау камералары оқиғаны видеоға түсіріп алған. Бірнеше сағат бұрын Мәскеу орталығында Сивцев Вражек қиылысында ер адам полицейлерге оқ атқан. Атыс салдарынан құқық қорғау органдарының бір қызметкері зардап шекті, шабуылшы да жарақат алды және қаруы тәркіленді.
"Ол КБР тумасы, 1987 жылғы", - деді агенттікке құқық қорғау органдарындағы дереккөз.
Қазіргі уақытта ол ауруханада жатыр, оған ота жасалуда. Зардап шеккен полицейдің аяғына оқ тиген, оның денсаулығына еш қауіп қатер жоқ.
Тергеушілер осы дерекке қатысты қылмыстық іс бастады.
Айта кетейік, осыған дейін Шешенстанда бірнеше рет полицейлерге шабуыл жасалды.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




