2019 жылға дейін Қазақстанда 15 жол салынады
Қазақстандық құрылысшылар Мемлекет басшысының ең басты тапсырмасы – республиканың астанасын шалғайдағы облыс орталықтарымен байланыстыратын көлік инфрақұрылымын құрып жатыр, – деп хабарлайды “ZhambylNews” AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасына сәйкес, 2019 жылға дейін жалпы ұзындығы 4,6 мың шақырымнан асатын 15 жобаны жүзеге асыру қарастырылған.
Бұл жобалардың қатарында Орталық-Оңтүстік – «Астана – Қарағанды – Балқаш – Алматы», Орталық -Шығыс «Астана – Павлодар – Қалбатау – Өскемен», Орталық-Батыс «Астана – Арқалық – Шалқар – Қандыағаш» және Орталық-Солтүстік «Астана – Петропавл – Ресей Федерациясының шекарасы» дәліздері бар. Сонымен бірге, Алматы-Өскемен, Үшарал-Достық, Бейнеу-Ақжігіт, Қалбатау-Майқапшағай, Орал-Каменка-РФ шекарасы секілді халықаралық дәліздер мен шекаралық бағыттар да басым жобалар болып белгіленген», – деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Темірхан Меңдіғалиев.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта барлық жобалар бойынша мердігерлік келісімшартқа қол қойылып, дайындық жүргізілген және құрылыс жұмыстары басталып кетті. Реконструкцияланған жол бөліктеріндегі жұмыстар аяқталысымен, жол қозғалысы ашылады. Биыл 525 шақырымдық жолды аяқтау жоспарланып отыр және барлық жобаларды 2022 жылы аяқтау көзделген. zhambylnews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




