Әділбек Мусин - жүзуден Азиаданың қола жүлдегері
Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде қола медаль иеленді. Ол бұл қашықты 23,73 секундта жүзіп өтті. Алтынды Сингапур спортшысы Рио олимпиадасының чемпионы Джозеф Скулинг (23,61), күмісті Қытай спортшысы Ванг Пенг (23,65) алды.
23 тамызда Қазақстан велоспортшысы Алексей Луценко Азия ойындарының чемпионы атанды. Таэквондодан Ерасыл Қайырбек 68 келіде қола медальиеленсе, академиялық ескек есуде әйелдер арасындағы жекелей жарыста Александра Опачанова үшінші орын алды.
Қазір Қазақстан 2 алтын, 6 күміс, 18 қоламен жалпы есепте 12-орында тұр.
Азия ойындарына 440 қазақстандық спортшы қатысып жатыр. Жарыстан хабар тарату үшін Азаттық тілшісі Джакартаға аттанған. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады. azattyq.org
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




