Жаңалықтар
ЕАЭО 1 қыркүйектен бастап жеңіл көліктер үшін баж салығын төмендетеді
- author «Ақ жол»
- 24 тамыз, 2018
- 669
ЕАЭО 1 қыркүйектен бастап жеңіл көліктер үшін баж салығын төмендетеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 қыркүйектен бастап Кеден одағының нарығына сырттан әкелінетін автокөліктер үшін баж салығының жарнасы төмендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Еуразия экономикалық комиссиясының сайтына сілтеме жасап. 1 қыркүйектен бастап жаңа көлікті әкелу үшін оның кедендік құнынан 17% жарна төлеу міндеттеледі. Осыдан бірнеше жыл бұрын ұқсас баж салығы 23% құраған еді. 5-7 жылдан астам қолданыста болған көліктерді әкелу үшін баж салығының құны 22% болады.
Келесі жылы көліктерді сырттан әкелуге салынатын баж салығының жарнасы 15% дейін төмендеуі мүмкін.
Салықтың жаңа жарналары ЕАЭО аумағына түгел тарайды.
ЕАЭО Кеңесінің шешіміне сәйкес, көлік бажынан басқа өзге де тауарлардың 95-тен астам түріне салынатын тарифтердің құны төмендейтін болады.
kazinform.kzҰқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




