Жаңалықтар
Қазақстанда «Болашақ» стипендиясының иегерлері анықталды
- author «Ақ жол»
- 23 тамыз, 2018
- 612
Қазақстанда «Болашақ» стипендиясының иегерлері анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Г. Әбдіқалықова биыл 25 жылдығын атап өтетін «Болашақ» бағдарламасы жоғары білікті мамандар дайындау ісіне маңызды үлес қосып келе жатқанын атап өтті. Ширек ғасыр ішінде 13 мыңға жуық стипендия бөлініп, еліміздің түрлі саласында сапалы жұмыс істеп жүрген 10 мыңнан аса білікті кадрлар даярланды.
«Жақында Назарбаев Университеті осы бағдарлама бойынша зерттеу жүргізді. Осы орайда бағдарламаның оң нәтиже беріп отырғаны аталып өтті», - деді Мемлекеттік хатшы.
Мәселен, бағдарламаның кардиохирургия саласының түлектерімен 32 мыңнан астам тегін ота жасалды. Бір отаның орташа құны 300 мыңнан 10 млн теңгеге дейін өзгеріп отырады.
Айта кетейік, отырыс барысында Білім және ғылым министрлігі Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы мәлімет берді.
Комиссия шешімімен стипендия магистратурада, докторантурада оқитын, сонымен қатар әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтуге жіберілген 128 үміткерге тағайындалды.
Отырыс қортындысы бойынша Мемлекеттік хатшы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тиімді іске асыруға қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді. Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




