Қазақстан Азия ойындарындағы екінші алтынын алды
Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық Алексей Луценко велоспорттан топтық жарыста чемпион атанды. Күмісті жапониялық Фумиюки Беппи, қоланы таиландық Навиту Липхони иеленді.
Луценко 2014 жылғы Азия ойындарында да алтын алған.
23 тамызда академиялық ескек есуде әйелдер арасындағы жекелей жарыста Александра Опачанова, стенда атудан Мария Дмитриенко қола медаль иеленді. Қазақстан спортшылары Джакартадағы Азия ойындарында 2 алтын, 6 күміс, 15 қоламен жалпы есепте 12-орында келеді. Бұған дейін семсерлесуден Дмитрий Алексанин Азия ойындарының чемпионы атанған.
Азия ойындарына 440 қазақстандық спортшы қатысып жатыр. Жарыстан хабар тарату үшін Азаттық тілшісі Джакартаға аттанған. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.
azattyq.org
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді