Ұлыбританияда ит пен мысықты хайуанаттар дүкенінде сатуға тыйым салмақ
- author «Ақ жол»
- 23 тамыз, 2018
- 682
Ұлыбритания үкіметі жасы алты айға толмаған ит пен мысықты хайуанаттар дүкенінде сатуға тыйым салмақ. Бұл жайында Ұлыбританияның Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мәлімдеді. Британ билігі осы арқылы жануарларға қатыгездік танытумен күреспек ниетте. Иелері асырауындағы ит пен мысықты дұрыс қарамайтын жайттар жиі кездеседі.
Жаңа ереже 1 қазанда күшіне енген соң, үй жануарларын асырағысы келетіндер тәлімбаққа немесе лицензиясы бар ұйымға қайырылуы тиіс болады. Бұған дейін үй жануарларын қорғау туралы заң қабылдауды талап ететін петицияға 150 мыңға тарта адам қол қойған. Белсенділер британ депутаттарының бастамасы Еуропадағы үй жануарларының құқығын қорғауда үлкен өзгеріске түрткі болады деп үміттенеді.
BBC телеарнасының мәліметінше, Ұлыбританияда жыл сайын 40 мыңнан 80 мыңға дейін үй жануары сатылады. Алайда, елде үй жануарын сатуға рұқсат алған хайуанаттар дүкендерінің саны жүзден аспайды.
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




