«Нұр Отан» партиясы ақпараттық технологияға негізделген жобаларға қолдау көрсетеді 

«Нұр Отан» партиясы ақпараттық технологияға негізделген жобаларға қолдау көрсетеді 
ашық дереккөз
«Нұр Отан» партиясы ақпараттық технологияға негізделген жобаларға қолдау көрсетеді 
«Нұр Отан» партиясы алдағы уақытта жастарға арналған жобалар мен бағдарламаларды көптеп жүзеге асыратын болады, деп мәлімдеді Ақмола облысындағы республикалық жастар білім лагеріне елген партия Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев.
Әсіресе ақпараттық технологияға негізделген жобалар қолдау табады. Білім лагеріне кіл мықтылар жиналған. Олардың арасында жас кәсіпкерлер, қазақстандық «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары, жас көшбасшылар мен ғалымдар да бар. Еліміздің барлық аймақтарынан келген қатысушылармен кездескен Мәулен Әшімбаев, алдымен «Нұр Отан» партиясы қолға алған жобалармен таныстырды. Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары: - Бүгінгі күні біздің партиямыз 20-дан астам жобаны жүзеге асырып жатыр. Сол жобалардың енді біразы жастарды қолдауға, жастарға бір мүмкіндіктер ашуға арналған. Бүгінгі күні 100-ден астам ІТ-сыныбымыз жұмыс істеп жатыр. Бұйыртса, алдағы жылдары 1 мың сыныпқа дейін жеткізетін боламыз. Сонымен қатар бүгінгі күні партиямыз шағын және орта бизнесті де қолдауға үлкен көңіл бөліп отыр. Енді шағын және орта бизнесте көп жастар бар екенін білеміз. Енді бұл жобалардың қатары тағы толыға түседі. Ал бұл тұста жастардың ұсыныстары мен нақты жоспарлары міндетті түрде ескеріледі. Мұны естіген лагерь қатысушылары Мәулен Әшімбаевқа көкейдегі идеяларын қарша жаудыртты. Ең қызығы, олар әртүрлі бағытта. Бірі шығармашыл жастарға қолдау керек десе, енді бірі тың технологияларды мықтап меңгеруге жағдай жасалу қажет екенін айтады. Ниязбек Дәулет, қатысушы /Шымкент/: - Менің ұсынған жобам бойынша Астана қаласындағы қазіргі таңда соғылған «ҚазҒарыш» базасы мен «ЭКСПО» базасы екеуін бірлестіре отырып, арнайы ашылып жатқан қаржылық хабтың жанынан осы бизнеске қатысты стартап жобаларды және әлеуметтік жағдайын көтеретіндей жобаларды жасақтап көтеріп, «ҚазҒарыш» базасымен біріге отырып, робототехниканы дамытып, ІТ-саласын дамытып, сондай бір базаларды жасақтаса. Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Ал олар жан-жақты білімді болғанда ғана қоғамда ауқымды іс атқара алады. Ең бастысы, қажымас қайрат қажет. Мәселен, нағыз жігерлі жас деп алматылық Серік Есматовты айтуға болады. Бала кезінде екі аяғынан бірдей айырылған жас жігіт, бүгінде қайырымды істердің ұйытқысы болып жүр. Серік  Есматов, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы: - Мен қазір өзімді жұртқа жігер бере алатын адам ретінде байқап көрудемін. Өмірімдегі қиындықтарды қалай жеңгенімді, алға ұмтылуыма не себеп болғанын айналамдағы адамдарға әңгімелеп беремін. Мақсатқа жету жолында үлкен жігер қажет. Мен аяғымнан айырылсам да, спорттан қол үзген жоқпын. Талай байрақты бәсекелерде топ жардым. «Зерен» білім лагерінің де мақсаты сол. Жастарға жігер сыйлап, қолдау білдіру, бағыт-бағдар көрсету. Айта кетейік, мұнда 300-ден астам қатысушы екі апта бойы Ақпараттық технологиялар, «Рухани жаңғыру» және жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту тақырыптарында дәріс тыңдап, тәжірибе алмасады. Авторлары: Дамир Берікұлы, Евгений Шинкаренко
 

24.kz

Ұқсас жаңалықтар