Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстан тауарларын импорттауға қызығушылық танытты
- author «Ақ жол»
- 23 тамыз, 2018
- 599
АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен Қазақстанның сауда-экономикалық миссиясы барысында қазақстандық кәсіпорындардың Дубайдағы ЭКСПО-2020 көрмесіне қатысуы талқыланды, деп хабарлайды Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының баспасөз қызметі.
Миссияның ұйымдастырушылары ретінде ҚР Инвестиция және даму министрлігі, Дубайдағы Қазақстанның елшілігі, «Атамекен» ҰКП, Қазақстанның Сырты сауда палатасы атсалысты. Машина жасау, құрылыс, жеңіл және тамақ өнеркәсібі саласындағы ірі 12 тауар өндірушілерінен құралған қазақстандық делегацияны Дубай мен Солтүстік Әмірліктердегі ҚР Елшісі Мадияр Меңілбеков басқарды.
БАӘ тарапынан мұнай және газ, құрылыс саласындағы 40-тан астам кәсіпорын, лизингтік және жеке көлік компаниялары, бірқатар сауда желілері қатысты. Серіктестер балды, етті, металл құрастырылымды, мұнай дайындауға арналған құрал-жабдықтарды, газ және суды, сондай-ақ, қазақстандық өнімдердің басқа да тауарларын импорттауға қызығушылық танытатынын білдірді. 
Әсіресе, Петропавл металл құрастырылымы зауыты мен ЭКСПО-2020 өкілдері арасында келіссөздер сәтті аяқталды.
«ГММОС Қазақстан» ЖШС, «Топан» ЖШС, «Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты» АҚ-ның қызметкерлері ірі Dragon oil мұнай компаниясының өкілдерімен кездесті.
«Green Shop», «Sun Bee Altai», «ДК Premium» және Қазақ тағамтану академиясының қарамағындағы Ұлттық «SHARMAN» пайдалы тағам орталығының өкілдері Біріккен Араб Әмірліктерінің «Carrefour», «Lulu» және «Union Coop» сынды ірі сауда желілеріне барды. 
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




