Қазақстанда кәсіпорындарды цифрландыратын орталықтар ашылады
- author «Ақ жол»
- 23 тамыз, 2018
- 222
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда кәсіпорындар мен кеніштерді цифрландыру бойынша кәсіпкерлерге арналған құзырет орталықтары құрылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өздеріңізге мәлім, қазіргі уақытта «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз. Бағдарламаға сәйкес жыл сайын автомобиль жолдарын жөндеу және жаңғырту бойынша бюджет қаражаты игеріледі. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» тас жолы осы бағыттағы ірі жобаның бірі болып табылады. Сол сияқты, 304 шақырым болатын «Алматы-Қорғас» тас жолының құрылысы толық аяқталды. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы көлік жүктемесін азайту үшін Алматының үлкен айналма жолы салынып жатыр. Инфрақұрылым аясында әуе қатынасы да дамып келеді. Мемлекет тарапынан Қазақстан ішіндегі 17 әуе бағыты қаржыландырылып, 13 жаңа халықаралық әуе қатынасы ашылды. Семей, Қостанай терминалдарына жөндеу жүргізіліп, Алматының ұшу-қону жолағы жаңғыртылды», - деді Құралбай Бұхарбаев журналистерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, кәсіпорындарды цифрландыруға да ерекше көңіл бөлініп отыр.
«Республика бойынша жүзеге асырылып жатқан «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында біздің министрлік компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып жатыр.
Атап айтар болсақ, «Цифрлық Қазақстан» аясында бізде жаңа Құзырет орталықтары құрылады. Ол орталықтар кәсіпкерлер мен мамандарды өз салаларын цифрландыру бойынша жаңа бағыттармен қамтамасыз етеді. Яғни, құзырет орталықтары Қазақстанда бұған дейін болмаған жаңа бағыттар үшін ұйымдастырылады. Мәселен, тау-кен-металлургия кешенінің немесе кеніштің цифрлық әдіс бойынша жұмыс істеуін алайық. Бұл цифрландыру шығын материалдарын, адам ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді және еңбек өнімділігінің тиімділігін арттырады. Қазақстан жаңадан енгізіп жатқан аддитивті технологиялар, 3D принтингтер кәсіпорындарда пайда болады», - деді Құралбай Бұхарбаев.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді