Ұлыбритания Иранмен арадағы келісімді қолдайды 

Ұлыбритания Иранмен арадағы келісімді қолдайды 
ашық дереккөз
Ұлыбритания Иранмен арадағы келісімді қолдайды 

Ядролық келісім сақталуы тиіс.

Ұлыбритания сыртқы істер министірі сейсенбі күні Американың бейбітшілік институтында осындай мәлімдеме жасады. Жоғары лауазымға тағайындалғалы бері Джереми Ханттың АҚШ-қа іссапармен алғаш рет келіп отыр. Ол өз баяндамасында Ұлыбритания бірқатар халықаралық мәселеге қатысты АҚШ-ты қолдайтындығын жеткізді. Алайда Иран келісіміне қатысты екі елдің ұстанымы екі бөлек. Дей тұрғанмен бұл жайт екі мемлекеттің де өңірдегі ортақ мүддені қорғауына кедергі болмауы тиіс.

Естеріңізге салсақ, мамырдың 8-інде Дональд Трамп Америка Иран келісімінен шығатыны жайлы мәлімдеген еді. Сондай-ақ АҚШ Иранға біржақты санкциялар енгізетіні жайлы атап өтті. Еуропа елдері болса, Иран келісімі сақталуы тиіс дейді. Бірқатар еуропалық компания, оның ішінде ағылшын компаниялары да Иранмен іскерлік қатынасын сақтап келеді.

24.kz

Ұқсас жаңалықтар