Баландин Азиада жарысында үшінші орын алды
2016 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы Дмитрий Баландин Джакартада өтіп жатқан Азия ойындары - 2018 жарысында қола медальды иеленді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Баландин үшін бұл жарыста бірінші сайыс брасс әдісімен 100 метрге жүзу болды. Қорытынды хаттамада оның есімі екінші тұрды, ол тек қытайлық Ян Зибейден қалып қойды. Қытайлық спортшы Баландин 2014 жылы орнатқан Азия рекордын жаңартты.
Финалдық кездесуде 59,39 секунд нәтижесімен Баландин мәре сызығын үшінші болып кесті.
Жеңісті жапониялық Ясухиро Косеки жұлып әкетті, сондай-ақ, ол Азия ойындарының рекордын жаңартты. Екінші болып Ян Зибей - 59,31 секундта келді.
Айта кетейік, Риода өткен Олимпиада ойындары барысында Баландин брасс әдісімен 200 метр қашықтықта алдына жан салмай, алтын медаль иеленген еді.
Өткен Азиада ойындарында ол үш дүркін чемпион атанған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




