Еліміздің джиу-джиутсу командасы Азиадаға аттанды 

Еліміздің джиу-джиутсу командасы Азиадаға аттанды 
ашық дереккөз
Еліміздің джиу-джиутсу командасы Азиадаға аттанды 

Азия ойындарында биыл алғаш рет джиу-джитсу бойынша медальдар жиынтығы сарапқа салынады.

Осыған орай ел намысын қорғайтын ұлттық құрама жыл басында жасақталып, бірнеше ай бойы жаттығуларын пысықтады. Тіпті осы мақсатта жерлестеріміз джиу-джитсу кеңінен етек жайған Бразилия мен Америкада арнайы дайындықтан өтіп қайтты. Енді 15 адамнан құралған ұлттық құрама Индонезия астанасына аттанды. Оларды шығарып салуға елордадағы әуежайға достары мен туыстары келді. Құрлықтағы ең үздік джиу-джитсу шеберлерінің айқасы 24 тамызда басталады. Жерлестеріміз бұл бәсекеден бірнеше алтын жүлде әкелуді көздеп отыр.

Нұржан Сейдуәли, ұлттық құрама мүшесі:

- Бразилия еліне барып соңғы жаттығуды сол жақта өткіздік. Сол жақта дайындалып, бір жұма бұрын елімізге оралды. Біздің және Индонезияның уақыты ұқсас. Енді Индонезияға аттанып барамыз.

Болат Мажағұлов, ҚР джиу-джитсу қауымдастығының президенті:

- Осы Азия ойындарына 15 спортшы қатысады. Жай спортшылар емес. Олардың ішінде әлем және еуропа чемпионадары бар.  Сонымен үміттеріміз үлкен спортшыларымызға. сәттілік тілейміз. Құдай қаласа, бізде 7-8 алтын болу керек.

24.kz

Ұқсас жаңалықтар