ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2018 жылы мектепке үш миллионнан аса баланың баратынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2018 жылы үш миллионнан аса бала мектепке барады, олардың 350 мыңы бірінші сыныпқа барады", - деді Сағадиев үкімет отырысы барысында.
Сондай-ақ, министр республикалық бюджет есебінен 110 мектептің салынып жатқанын, оның 72-сі биыл пайдалануға берілетінін айтып өтті.
"Жаңа оқу жылында жаңартылған оқулықтарға 3, 6, 8-сынып оқушылары өтеді. Педагогтар қажетті курстардан өтіп жатыр. (...) Оқулықтардың электрондық нұсқасы енгізіліп жатыр", - деді министр.
Оның айтуынша, мектеп формасына қатысты ешқандай өзгеріс жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




