Әлемдегі ең танымал автомобильдер тізімі жасалды
Мамандар әлем бойынша ең көп сатылатын көліктер тізімін жасады, - деп хабарлайды РИА Новости "Автостат" сараптама агенттігіне сілтеме жасап.
2018 жылдың бірінші жартысының қорытындысы бойынша ең көп сатылған көлік - Toyota Corolla. Небәрі алты ай ішінде осы модельдің 611 мың данасы сатып алынған. Өткен жылмен салыстырғанда, сату көлемінде айтарлықтай өзгерістер жоқ.
Екінші орында - Ford F-Series. Жарты жыл ішінде 537 мың дана сатылған, бұл дегеніміз өткен жылмен салыстырған үш пайызға жоғары. Үшінші орында - Volkswagen Golf - 442 мың автомобиль сатылған. Үздік бестікте Honda Civic және Toyota RAV4 автокөліктері бар (425 мың және 409 мың автокөлік).
Тізімнің үздік ондығына Volkswagen Tiguan, Volkswagen Polo, Honda CR-V, Toyota Camry және Chevrolet Silverado көліктері енген. tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Бейбітшілік – баянды бақыттың бастауы
- 30 сәуір, 2026
«Қазақстанға үнемі келгім келетін еді»
- 30 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




