«Сириядағыдай соғыс болып жатқан сияқты. Адамдар жолда қырылып жатыр. Бұған қалай жайбарақат қарап отырамыз? Бұл не деген бассыздық? Айдың-күннің аманында адамдарымыздан айырылып жатырмыз. Біз бір жағынан халықтың денсаулығын күтіп, халық санын көбейтіп, тұрғындардың өмір сүру жасын арттыруға бар күшімізді салып жатсақ, екінші жағынан жолда адамдарымыз қырылып жатыр», – деп жол апаттарының жиілеп кеткендігін сын тезіне алған Елбасы жауапты тұлғаларға қатаң тапсырма берген еді. Бірақ, сол жауапты тұлғалар бұл мәселеге селқос қарайтындықтарын кезекті рет осы оқиға арқылы дәлелдеп отыр. «Айта, айта Алтайды, Жамал апай қартайды» дегендей, біз бұл мәселені көтеруден жалықпаймыз. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының басшыларымен өткен кеңесте айтқандай, қалтасына «қызыл корочка» салып алып, тайраңдап жүргендер жұмысын жүйелі атқаруы тиіс. Жүйе болмағандықтан да, осындай оқиғалар жиілеп кетті. Күні кеше республикалық арналардың бірінде Тараз қаласындағы бірқатар көшелерде «Тоқта!» белгісі бар тақтайшалардың дұрыс орнатылмағандығы жария болды. Жол белгісі мен арнайы жолақтың арасындағы арақашықтық әжептәуір алшақ болғандықтан, жүргізушілер бейнебақылау құрылғыларына түсіп, айыппұл төлеуге мәжбүр. Ереже бойынша барлығы бір сызықтың бойында тұруы тиіс. «Қолдан жасалған» құйтырқы әрекеттен жүргізушілер міндетті түрде шатасады. Бұл жерде, қолдан жасалған деп айтуға мәжбүрміз. Себебі, жол-патрульдік полициясы деп жазылған су жаңа көліктерге мініп, қала көшелерінде ызғытып жүргендер осыны көрмеген бе? Әлде, көргісі келмей ме? «Көрмес, түйені де көрмес». Жалпы, жол тәртібін қадағалайтын құзырлы орган басшыларының көкейінде не бар, көксегені не? Мүмкін, жауабын өздері айтар. Саладағы бей-берекетсіздік қоғам өкілдері тарапынан да өткір сыналуда.
Шынар САҒИЕВА, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді