Түрік лирасы қайта құнсызданды
Түрік лирасы қайта құнсызданды. Бұған S&P Global және Moody’s Түркияның ұзақмерзімді рейтингісін төмендетуі және Анкарадағы АҚШ елшілігін атқылау түрткі болған. Бірқатар мамандар лира бағамының құлдырауы елдің қаржылық тұрақтылығына қатер төндіргендіктен, экономикалық өсімнің қарқыны күрт тежелуі мүмкін деп санайды. Биыл түрік лирасы 38%-ға құнсызданған. Вики Прайс, экономист: - Түркиядағы инфляция ондаған пайызға жетті. Мемлекеттік қарыз 5-6%. Айтарлықтай көп болмағанмен шығын бар. Сондай-ақ президент экономиканы өсіру мақсатымен көптеген жобаны бастаған. Мұның өзі ысырап болды. Саяси жағдаймен қатар АҚШ және Германиямен арақатынастың бұзылғанын да ескеру керек. Анкара үшін бір жақсы жаңалық болғаны жуырда Катар мен Түркияның орталық банктері өзара валюта айырбастау туралы екіжақты келісімге қол қойған. Жалпы Катар Түркия экономикасына 15 миллиард доллар көлемінде инвестиция құюды көздеп отыр. 24.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




