Еуропада қазақстандық анимациялық фильм таныстырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Латвия астанасы Ригада шахматтан жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатында қазақстандық «Шахмат патшалығы» 3D анимациялық фильмінің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ригада 8 бен 18 жас аралығындағы ер және қыз балалар арасында шахматтан Еуропа чемпионаты басталды. Чемпионаттың ашылу салтанатында «Шахмат патшалығы» анимациялық фильмін таныстырдым. Аудитория кең ауқымды болды 47 елден 1 080 бала, одан бөлек ата-аналар, бапкерлер және судьялар бар. Құрметті қонақтардың ішінде Кирсан Илюмжанов, Латвияның қаржы министрі және халықаралық гроссмейстер Дана Рейзниеце-Озола, одан бөлек білім министрі, Рига қаласының мэрі орынбасары, депутаттар, журналистер, шахмат шенеуніктері және тағы басқалар болды», -деді қазақстандық шахматшы, халықаралық гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов Фейсбуктегі парақшасында.
Айта кетейік, «Шахмат патшалығы» ҚР Ақпарат және коммункациялар министрлігінің қолдауымен, «Балапан» телеарнасының тапсырысымен «Д.Сәдуақасов атындағы шахмат академиясы» дайындаған 32 сериядан тұратын анимациялық фильм. Мультфильм 3D форматта және үш тілде әзірленген.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді