Жаңалықтар
Роналду кеткелі "Реал" жанкүйер саны бойынша 10 жылдағы ең төмен көрсеткішке жетті
- author «Ақ жол»
- 20 тамыз, 2018
- 299
Роналду кеткелі "Реал" жанкүйер саны бойынша 10 жылдағы ең төмен көрсеткішке жетті
Испания чемпионатының бірінші турындағы "Реал" мен "Хетафе" (2:0) арасындағы ойынды тамашалауға 48 466 адам ғана келген, - деп жазады "Спорт-Экспресс" порталы Goal басылымына сілтеме жасап.
Команда "Сантьяго Бернабеу" алаңында Криштиану Роналдусыз көп жылдан бері алғаш ойнап отыр. Басылым мәліметінше, келген адам саны кейінгі он жылдағы ең төмен көрсеткішке жетіп отыр.
Соңғы рет адамның мұнша аз келуі "Реал" 1:3 есебімен "Мальоркаға" ұтылған 2008/09 маусымындағы соңғы матчта тіркелген еді. Ол кезде Хуанде Рамос басқарған "Реал" турнирдн бес рет қатарынан жеңіліп, жарыстан шығып қалған болатын.
Еске салайық, Роналду осы жазда туриндік "Ювентус" сапына ауысқан. Шабуылшы Италияда жылына 30 миллион еуро алатын болады. Ал футболшының трансфері туриндік команда үшін 112 миллион еуроға түсті.
Роналду "Реал" сапында 2009 жылдан бері ойнап, 438 ойында 451 гол салған. Осылайша, ол клуб тарихындағы үздік шабуылшы болды және Чемпиондар лигасын төрт рет ұтқан. tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық орманшы отқа оранған көліктен 4 адамды аман алып шықты
- 23 қыркүйек, 2024
Ақпарат
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді