Таэквондошы Алдонғарова - Азия ойындарының жүлдегері
Фариза Алдонғарова (қызыл формада) өзбекстандық Динорахан Мамадибрагимовамен кездесіп жатқан сәт. 20 тамыз 2018 жыл.
Индонезияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қазақстандық таэквондошы Фариза Алдонғарова 53 келіде қола медаль алды. Ол жартылай финалда тайпейлік Си По Яннан жеңілді.
Алдонғарова алғашқы айналымда өзбекстандық Динорахан Мамадибрагимованы 17:16 есебімен, ширек финалда ирандық Элах Шейдайды 11:3 есебімен жеңді.
Бұл - Қазақстанның биылғы Азия ойындарындағы бесінші медалі. 19 тамызда қазақстандық семсерлесуші Дмитрий Алексанин алтын алған. Еркін күрестен Қазақстан ерлер құрамасы бір күміс, екі қола иеленген.
Қазақстаннан Азиадаға 440 спортшы қатысады. Жарыстан хабар тарату үшін Азаттық тілшісі Джакартаға аттанған. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




